«Lesson Study — зерттеу жұмысының тиімділігі» баяндама » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
мамыр
2023

«Lesson Study — зерттеу жұмысының тиімділігі» баяндама

Баяндаманы көру немес жүктеу Толық пдф фарматта


Lesson Study — зерттеу жұмысының тиімділігі


      Қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша зерттеу жұмысы — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық зерттеу жұмысы. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық зерттеулерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

         Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study   туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады. Lesson Study қолдану барысында мына негізгі ұстанымдарға сүйенген жөн:

І. Сабаққа дейін.

1) Lesson Study тобын құру.
 2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
 3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
 4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
 5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау.
 6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу (бұл қадам міндетті емес).
 7) Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да қолданылмайды).

ІІ. Сабақ кезінде.
 Lesson Study сабағы.
 а) оқушыларды бақылау.

ІІІ. Сабақтан кейін.

9) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
 10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау.

          Егер мұғалім айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Сондықтан қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Бұлда дұрыс болар, өйткені бұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуметін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарын тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің құрамдас бөлігіне айналдырған дұрыс және де бұндай топтарға барша ұстаздар қауымын араластырған дұрыс. Lesson Study пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда. Бұның өзі ұстаздар қауымы үшін тиімді. Мұғалімдер директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекіту үшін өздерінің бірлесе жасаған сабақ жоспарларын ұсынады. Ұсынылатын сабақ жоспарының мазмұнын жоғарыда айтылып өтті.

Lesson Study топтары өз жұмыстары барысында мынандай дүниелерге назар аударса:

Біріншіден, Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің артатындығы анық. Мұнда Lesson Study топтарына қосылғысы келмейтін мұғалімдерді күштеуге болмайтынына назар аудару керек. Ондай педагогтармен басқаша жолмен жұмыс жасаған орынды. Мысалы, Lesson Study топтарының тізімдерін мұғалімдер бөлмесінде ілу. Мұнда әр топ мүшелерінің аты-жөні жазылған фотосуреттері ілінеді. Ал төмен жақта Lesson Study топтарына қосылмаған мұғалімдердің тізімі жарияланады. Бірлесе жұмыс жасауға құлықсыз мұғалімдерге осылайша жанамалай ықпал жасауға болады: оларды ұялтпай, үгіттеп белсенділікке шақырмай, тек дүйім елден оқшау қалғандарын естеріне салып отырса, ондай педагогтар осы болмысының ыңғайсыз әрі тиімсіз екендігі туралы ойланулары әбден мүмкін.

Екіншіден, әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға қатыстыру қажет. Ол үшін сабақ басталмастан бұрын таңдалған сыныппен не бірнеше оқушымен сұхбаттасу қажет. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойған дұрыс болар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б. Айтылған ұсыныстар мен жауаптар параққа не болмаса оқушы рұқсатымен аудиожазбаға жазылуы керек. Бұл кем дегенде 5-10 минуттай болғаны жөн. Сабақ жоспарын құру барысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде ескеріп жасалған дұрыс.

Үшіншіден, Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Коучингке қатысушылар аталмыш проблеманы шешуге мүдделі және ынталы болып, қорытынды нәтижеге деген жоғары жауапкершілікті сезінуі керек. Осылайша каучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады. Өзін-өзі дамытатын механизм жұмысының бір көрінісі іспеттес.

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.

Мектебімізде білім беру жұмысымен қатар, сол білім алушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Lesson Study» зерттеу жұмысы жүргізілуде. 

      Педагогикалық шеберлік орталығынан дәріс алған мектеп тренерлері мен деңгейлік курс тыңдаушыларынан құрылған 5 топ мүшелері қазіргі кезде белгіленген 5 сынып оқушыларының ішінен А,В,С топтарындағы  оқушыларға зерттеу жұмыстарын жүргізуде.  

Топ отырыстарында топтың міндет, мақсаттары, зерттелетін білім алушылар, жұмыс бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, сабақты зерттеу барысына талдау жасалынады, бұл үдерісте қандай кедергілер мен кемшіліктердің орын алғандығы туралы әңгіме көтеріледі. 

         1-топтың зерттеу сұрағы: «Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқу дағдыларын қалай жақсартуға болады?». Зерттелетін сынып: 9 «Г»

р/с

мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

1

Шиникулова С.Н

қазақ тілі мен әдебиеті

топ басшысы

2

Нуршаева Қ.М

орыс тілі мен әдебиеті

хатшы

3

Кадырбаева Д.Ш

орыс тілі мен әдебиеті

топ мүшесі

4

Касымханова М.Е

география

топ мүшесі

5

Кыдырбаев Н.З

химия

топ мүшесі

6

Калиева А.А

ағылшын тілі

бақылаушы

7

Торомонова А.Б

бастауыш сынып

топ мүшесі


2-топтың зерттеу сұрағы: «Белсенді оқыту тәсілдерін қолдану арқылы айтылым дағдыларын қалыптастыру». Зерттелетін сынып: 5 «А»

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

1

Джапарова К.Ж

қазақ тілі мен әдебиеті

топ басшысы

2

Каунбаева К.С

бастауыш сынып

хатшы

3

Иманбекова Қ.К.

математика 

топ мүшесі

4

Тыштыбаева М.К

информатика

топ мүшесі

5

Ибраймова Н.Н

мектеп психологы

топ мүшесі

6

Осимбаева А.К

информатика

бақылаушы


3-топтың зерттеу сұрағы: «Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының сөздік қорын байыту». Зерттелетін сынып: 4 «А»

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

1

Керимханова К.К

қазақ тілі мен әдебиеті

топ басшысы

2

Карасаева Б.Д

бастауыш сынып

хатшы

3

Жданова Ғ.Ж

көркем еңбек

топ мүшесі

4

Құдайберген Т.

ағылшын тілі

топ мүшесі

5

Исбаева А.К

Орыс тілі

топ мүшесі

4-топтың зерттеу сұрағы: «Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының зерттеушілік әрекет дағдыларын қалыптастыру».                         Зерттелетін сынып: 10 «А»

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

1

Сакенова Б.А

қазақ тілі мен әдебиеті

Топ басшысы

2

Алиева М.С

қазақ тілі мен әдебиеті

топ мүшесі

3

Куджанова А.К

биология, химия

топ мүшесі

4

Дуйсекова Г.Е

тарих, құқық

топ мүшесі

5

Тураманова М.Я

бастауыш сынып

хатшы

6

Кыдырова А.К

мектеп психологы

топ мүшесі

5-топтың зерттеу сұрағы: «Развитие способностей критического мышления учащихся с помощью ИКТ на уроках». Зерттелетін сынып: 8 «В»

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

1

Абдукаримова К.С

информатика

топ басшысы

2

Егембердиева Ф.Т

қазақ тілі мен әдебиеті

хатшы

3

Букаускайте Н.Н

тарих, құқық

топ мүшесі

4

Узакова А.К

математика

топ мүшесі

5

Калиева С.Ш

бастауыш сынып

топ мүшесі


    2023 жылдың 17-ақпанында мектепте «Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді тәсілі» тақырыбында аудандық семинар төмендегі бағдарлама бойынша өтті:


Уақыты

Мазмұны

Жауаптылар

Өткізілетін орны


09.00 - 09.30

Қонақтарды тіркеу

Кезекшілер 

Кіре беріс дәліз


09.30- 10.00

Ашылу салтанаты

МД ОІЖО                    Исабаева Г.Б

 Спорт залы


10.00 – 10.45

Шебер сынып алаңы, коучингтар

Шебер сынып. «Сабақты зерттеуде АВС оқушыларын қалай бақылауға болады?»

Мектеп тренері 

Куджанова А.К

22-кабинет


Шебер сабақ.

«Зерттеу сабақтарында белсенді әдістер арқылы оқушының зерттеушілік қабілетін қалай дамытуға болады?»

Мектеп тренері: Сакенова Б.А

18-кабинет


Коучинг. «Алгоритм организации процесса «Lesson study»

Педагог-зерттеуші Кадырбаева Д.Ш

23-кабинет


Коучинг. «Lesson study – іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолы»

Пед.-зерттеуші,            3-деңгейлі мұғалім Абдукаримова К.

19-кабинет


10.50 – 11.20

Кофе брейк


спорт зал


11.25 – 12.10

Зерттеу сабақтары

Әдебиеттік оқу сабағы.            «Қазақстан көлдері» 

Қарасаева Б.Д

4 «А» сыныбы

9-кабинет


Құқық негіздері. «Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы» 

Дуйсекова Г.Е

10 «А» сыныбы

22-кабинет


Қазақстан тарихы. «Мероприятия советской власти в Казахстане в 20-30 годы ХХ века»

Букаускайте Н.Н.

8 «В» сыныбы

3-кабинет


Қазақ тілі мен әдебиеті.                      Медеу Сәрсеке. «Жетінші толқын» 

Шиникулова С.Н

9 «Г» сыныбы

12-кабинет


12.15 – 13.00 

Сабақты талдау

Семинарға қатысушылар

Әр кабинетте


13.05 – 13.30

Семинардың жабылуы

«Lesson study» тобы

Спорт залы 


Семинарға Талғар аудандық білім беруді дамытуды оқу-әдістемелік орталық әдіскері  Н.Е. Укубасов пен ауданымыздың 11 мектебінен 36 қатысушы келді. Семинар барысында мектепдиректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Г.Б. Исабаева мектебімізде құрылған 5 «Lesson study» тобының жұмысымен жан-жақты таныстырып өтті. Таныстырылым барысында                                 5 топтың жинақ папкалары, стендтері, баспа беттеріндегі жарияланымдары және мектебіміздіге  Lesson study жұмысы бойынша видеоролик көрсетілді. 

         Семинар барысында мектеп тренелері А.К. Куджанова «Сабақты зерттеуде АВС оқушыларын қалай бақылауға болады?» және Б.А. Сакенова «Зерттеу сабақтарында белсенді әдістер арқылы оқушының зерттеушілік қабілетін қалай дамытуға болады?» тақырыптарында шебер-сынып өткізсе, педагог-зерттеушілер Д.Ш. Кадырбаева «Коучинг: «Алгоритм организации процесса «Lesson study»,  К.С. Абдукаримова «Lesson study – іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолы» тақырыптарында коучинг өткізді.

         Педагог-зерттеушілер Б.Д. Карасаева, Г.Е. Дуйсекова, Н.Н. Букаускайте,                       С.Н. Шиникуловалар ашық сабақтар өткізді. 

         Семинардың соңында семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, талдау жасалды. Өткізілген семинар аудандық білім бөлімі және семинарға қатысушы басқа мектеп ұстаздары тарапынан жоғары бағаланған.

Жіберілген кемшіліктердің себептерімен жұмыс жасап, алдын алу жолы қарастырылуда. «Lesson Study» зерттеу жұмысы алдағы уақытта да өз жұмысын тоқтатпайды.