«Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді тәсілі»тақырыбында аудандық семинар » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ақпан
2023

«Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді тәсілі»тақырыбында аудандық семинар

2023 жылдың 17-ақпанында «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№10 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтетін «Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді тәсілі»тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Талғар аудандық білім беруді дамытуды оқу-әдістемелік орталық әдіскері Н.Е. Укубасов пен ауданымыздың 11 мектебінен 36 қатысушы келді. Семинар барысында мектепдиректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Г.Б. Исабаева мектебімізде құрылған 5 «Lesson study» тобының жұмысымен жан-жақты таныстырып өтті. Таныстырылым барысында 5 топтың жинақ папкалары, стендтері, баспа беттеріндегі жарияланымдары және мектебіміздіге   Lesson study жұмысы бойынша видеоролик көрсетілді. 
         Семинар барысында мектеп тренелері А.К. Куджанова «Сабақты зерттеуде АВС оқушыларын қалай бақылауға болады?» және Б.А. Сакенова «Зерттеу сабақтарында белсенді әдістер арқылы оқушының зерттеушілік қабілетін қалай дамытуға болады?» тақырыптарында шебер-сынып өткізсе, педагог-зерттеушілер Д.Ш. Кадырбаева «Коучинг: «Алгоритм организации процесса «Lesson study», К.С. Абдукаримова «Lesson study – іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолы» тақырыптарында коучинг өткізді.
         Педагог-зерттеушілер Б.Д. Карасаева, Г.Е. Дуйсекова, Н.Н. Букаускайте,  Н. Шиникуловалар ашық сабақтар өткізді. 
         Семинардың соңында семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, талдау жасалды.








https://www.instagram.com/reel/Co3se4DoRgG/?utm_source=ig_web_copy_link​​​