Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл: «Діннен адастырар теріс ағым» жұмыс есебі » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл: «Діннен адастырар теріс ағым» жұмыс есебі
24
қараша
2023

Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл: «Діннен адастырар теріс ағым» жұмыс есебі

Толық ақпарат сілтемесі:   ​https://cloud.mail.ru/public/vAV2/5iZCmqvQc​​​

9-11 сынып оқушылары арасында Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл: «Діннен адастырар теріс ағым» тақырыбында оқушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттар беріліп, экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын, олардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
 Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; Қауіпсіздікті сақтау амалдары турасында нұсқаулық беру.
         Діни экстремизм мен терроризмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.
 Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі:
 – қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адам өмірін қиюы;
 – азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзылуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.
 Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.
 Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама.
 Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
 Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
 Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.
 Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.
 Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
 Бөгде зат анықталған жағдайда қол тигізбеңіздер, бұл — өмірлеріңізге өте қауіпті.
 Егер де төтенше жағдай орын алса «110» жедел телефоны арқылы хабарласуға болады."112" телефон нөмірі бойынша тәулік бойы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы не шұғыл көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар туралы хабарлама қабылдайтын болады. Егер сіз өмірге, денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде немесе аталған қауіп-қатерлердің туындауының нақты себебі болғанда шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз ғана осы нөмір бойынша қоңырау шалу қажет.Жалған ақпарат таратқан адам заң бойынша жауапкершілікке тартылып, ірі мөлшерде айппұл төлейді. Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм, мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатуда.
      Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiру болып табылады.






«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» 
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген
сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны
қалыптастыру.
Психологиялықтар тренинг жүргізді оқушылар арасында.
 Құқық туралы жалпы түсінік мектеп инспекторы Таубалдиева Сымбат Нұрболатовна таныстырып, жалпы түсінік берді. 
 «Тығырықтан шығар жол қайсы» ситуациялық жағдайды  оқушылар шешті.
 Көкейде жүрген сауалдарға сұрақ-жауаптар қойды оқушылар мектеп инспекторына Таубалдиева Сымбат Нұрболатовнаға. 
Қорыта келгенде бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар
 қысқа да тұжырымды ой – пікірлерін ортаға салды.