Мектеп формасы жайлы ақпарат » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
тамыз
2023

Мектеп формасы жайлы ақпарат

Құрметті ата-аналар!
🖋Жаңа 2023-2024 оқу жылына жолақтарсыз, торсыз біріңғай қара-көк түсті, классикалық стильде тігілген мектеп формасын сатып алуға кеңес береміз.
✅Ұлдарға: пиджак,жилет,шалбар,ақ жейде,туфли.Шалбар еркін кесілген және ұзындығы аяқтың тобығын басатындай болу керек.
✅Қыздарға:жилет,юбка,шалбар,классикалық ақ блузка (бастауыш 1-2 сыныптар),туфли. Белдемшенің ұзындығы тізеден 5см-ен аспайды.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы қала бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.
🖋Талдау көрсеткендей, қалада 2017 жылдан бастап мектеп оқушыларының 90%-дан астамы қою көк түсті мектеп формасын киеді. Осыған байланысты білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп директорларымен аппараттық кеңестерде осы түсті мектеп формасына жаппай көшу туралы мәселе бірнеше рет талқыланды.

❎Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.