Мектепшілік жалпы ата аналар жиналысы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
мамыр
2023

Мектепшілік жалпы ата аналар жиналысы

https://www.instagram.com/p/CsnoJeGINnj/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Талғар ауданы Белбұлақ ауылы #10 орта мектебінде Мектепшілік жалпы ата аналар жиналысы өткізілді

Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша МД ОІЖО М.К.Тыштыбаева 2022-2023 оқу жылдың 4 тоқсанында жасалған жұмыстың қорытындысымен таныстырып өтті. 1 – тоқсанды 591 оқушымен бастап 591 оқушымен аяқтағанымызды айтты. Білім сапасы – 61 %, оқу озаты -89, оқу екпінділері – 238- деп әр сыныптың сапасы мен үлгеріміне тоқтап өтті.
Екінші мәселе бойынша МД ОІЖО М.К.Тыштыбаева сөз алды. Ол 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестатау туралы және оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті.
Үшінші мәселе бойынша МД ӘІЖО Г.Б.Исабаева сөз алды, ол ҰБТ – ғы шекті балл мен 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер туралы айтып өтті. АКТ арқылы ҰБТ-ғы жаңалықтарды көрсетіп ата-аналарға таныстырып, ережелерін де айтып өтті. Сондай-ақ жыдан жылға ҰБТ-ң күрделілігін де айтып, оқушылардың ата-аналар тарапынан білімдеріне назар аударуды айтып өтті.
Төртінші мәселе бойынша МД ТІЖО А.М.Курмангалиева ата-аналарды Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қантардағы № 26 және «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 11.04.2016 ж «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 875 бұйрығымен таныстырды. Өз сөзінде оқушыларға мектеп форма бойынша бір талап қойылатынын айтты.Ата-аналарды мемлекет заңдарына құрметпен қарап, балалардың жақсы білім алуын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуге шақырды.
Бесінші мәселе бойынша мектеп психологы А.К.Қыдырова сөз алып, өз баяндамасын оқып, сөз соңында ата-аналарға тренинг өткізіп, өз сөзін аяқтады.
Әр түрлі мәселе бойынша әлеуметтік ұстаз А.Уркинбаева 2023 ж №64 қаулымен ата-аналарға таныстырылым жасап, түсіндіріп өтті, яғни 2023-2024 оқу жылында қаржылай әлеуметтік көмекті жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар сондай-ақ АСП алатын отбасынан шыққан оқушылар алатындығы ескертіліп айтылды.