«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы
01
қыркүйек
2021

«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы

«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде
«Адал Ұрпақ» еріктілер клубы

№10 жалпы білім беретін орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысы бойынша іс – шара жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспар бойынша қазан айында    5 – 11 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастырылды.
Іс – шара жоспары бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу болып табылады.
Осы аталған мақсат, міндетті негізге ала отырып, мектепте жоспар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі?» тақырыбында тәрбие орынбасары, мектеп психологы, сынып жетекшілердің қатысуымен, ата – аналар жиналысы қашықтықтан өткізілді. Яғни, «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген мақалды ата – бабамыз айтып кетсе, қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың тәрбиедегі ықпалы, балаларына адал болуға тәрбиелеп жатқаны қаншалықты рас? деген сұрақтарға жауап алынды.

«№10  жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы

Ата – аналар өз пікірлерімен бөлісіп, толық ойларын жеткізе алды. «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында үздік сурет салудан 2 – 4 және 7 – 10 сынып арасында, сурет көрмесі өтілді. Көрменің жеңімпазы анықталып, мектеп лездемесінде мектеп директоры аталған оқушыларды құттықтап, мадақтамаларын берді.Ең үздік және мағынаны тереңнен ашқан оқушылар айтарлықтай көп болды.


Бастауыш сынып мұғалімдері Тураманова М, Қауынбаева Д, Шарипова Д «Жақсы мен жаман» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Бастауыш сынып балаларына жақсы мен жаман тақырыбындағы ойын білу, мағынасын түсіну мақсатында өтті.
Тәрбие орынбасары және педагог ұйымдастырушы «Жемқорлық індет жою міндет!» тақырыбында 9-11 сынып арасында дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел өту барысында оқушылар еркін тақырыпты талқылады. 5 -8 сынып және сынып жетекшілері «Жауапкершілік бізге керекпе?» тақырыбында пікірталас өткізді. Қазіргі уақытта, қазіргі заманда «Жауапкершілік дегеніміз не?» және кедергі келтіреді дегенге сенемізбе? деген сұрақтар еркін жүргізіліп, пікірталас өткізілді.
Қорыта келгенде, ұйымдастырылған іс – шара жоспары бойынша жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.