23
ақпан
2022
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жігіт сұлтаны - 2022» байқауы
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен
«Жігіт сұлтаны - 2022» байқауы өткізілді.
«Жігіт сұлтаны - 2022» байқауы өткізілді.
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
23.02.2022 жылы мектебімізде мектепішілік оқушылар арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны 2022» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға: 10«А» сынып оушысы Әскербек Жұмабек, 10«Б» сынып оқушысы Жолдасов Асхат, 9 «А» сынып оқушысы Әуелхан Нұрсұлтан, 9 «Б»сынып оқушысы «Құрманғали Алмас,
8«А» сынып оқушысы Телжан Бибарыс, 8 «Б» сынып оқушысы Жайнар Нурбол байқауға қатысты.






«Жігіт сұлтаны-2022» байқауына қатысушы сайыпқырандар жақсы деңгейде тапқырлығы, білімділігі, шымырлығымен көзге түсті. Жігіттеріміз барынша өз өнерлері ортаға салды.
Байқау ережесі:
І кезең «МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН» - Өзін-өзі таныстыруы
(Өзін ұстауы, киімі, өлеңмен, қара сөзбен.)
ІІ кезең «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ» - Өнер сайысы (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
ІІІ кезең «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН»-қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптар аясында танымдық сұрақтар қойылады. Жігіттеріміздің мергендігі сыналады.
IV кезең «КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС» - күш сынасу сайысы
V кезең «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ» - Үй тапсырмасы Қамшы өру, газет.


Әр кезеңге қатысушылар жақсы дайындықпен қатысты.

«Жігіт сұлтаны-2022» байқауында 10«Б» сынып оқушысы Жолдасов Асхат «Бас жүлдеге» ие болып «Жігіт сұлтаны» атанды. I-орын 9«А» сынып оқушысы Әуелхан Нұрсултан. II-орын 9«Б»сынып оқушысы Құрманғали Алмас. III-орын 8«Б»сынып оқушысы Жайнар Нурбол иеленді. 8«А»сынып оқушысы Телжан Бибарыс «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ» жігіт номинациясымен марапатталып, 10«А»сынып оқушысы Әскербек Жұмабек «Өнерпаз жігіт» номинациясымен марапатталды.