«Жас Түлек 2023 » атты аттестат алу салтанатты жиыны » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
маусым
2023

«Жас Түлек 2023 » атты аттестат алу салтанатты жиыны

«Жас Түлек 2023 » атты аттестат алу салтанатты жиынының анықтамасы
«Орта мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру рәсімі»
 Салтанатты жиыны.
      Мақсаты: 2022 - 2023 оқу жылындағы 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру. Оқу жылын «Ерекше куәлікпен» аяқтап отырған оқушыларды марапаттау.
 
     22.06.2023 жылы сағат 10:00 де № 10 орта мектебінен 36 оқушы орта мектепті бітіру салтанатты жиыны ҚР гимнімен ашылды. 
Алғашқы құттықтау сөзде мектебіміздің директоры Алиева Манура Сериковнаға берілді мектеп ұжымы 11 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып отырған «Үздік аттестат» иесі атанғанын мақтан ететінін жеткізіп құттықтады.
Бүгінгі орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру мектебіміздің директоры Алиева Манура Сериковнға және МДОІЖО: Исабаева Гульнара Батановна тапсырды.
Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 11 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап куәлік иесі атанды. 
Мектебіміздің 8 «Б»сынып оқушысы  Сабен Сакен«Түлектерге сағыныш» әнін орындады.
 Өнерлі оқушы қашанда биік шыңдарғы шығатыны сөзсіз. Төмендегі мектеп атынан «Алғыс хатқа» ие болайын деп отырған оқушыларымыз өздерінің мектептегі шәкірттік уақыттарында мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептен тыс жерлер де де, қалалық, облыстық, тіптен халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып мектеп намысын қорғаған, биыл орта мектепті бітіріп отырған оқушыларды мектеп ұжымы атынан мектебіміздің директоры Алиева Манура Сериковна шексіз алғыс білдіріп «Алғыс хат» тапсырды.

    Ата-аналар мен 11 сынып жетекшілері: Шаймерден.Е.Жданова.Ғ. Нургайпова.Б. Нуршаева.К. құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.

 Салтанатты жиын соңын жүргізуші МД ТІЖО: Курмангалиева Айнур Мукашевна бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу екенін атап айтып, бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім- дей келе
 оқушыларға еңбек етіп білім шыңына жетіуіне сәт-сапар тілеп, 2022 - 2023 оқу жылындағы 36 оқушыға орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жариялады.