Соңғы қоңырау » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2022

Соңғы қоңырау

 
«Жас Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты салтанатты жиыны

25 мамыр күні еліміздегі барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар мен оқу жылы жалғасатын оқушылар үшін соңғы қоңырау жазғы демалыстың басталғанын білдірсе, алтын ұясынан түлеп ұшқалы отырған түлектер үшін шын мәнісіндегі «соңғы қоңырау». Өйткені, ақ бантик таққан арулар мен ақ жейделі ұлдар барлық шаһарлар мен өңірлердің сәні мен мәнін келістіретіні сөзсіз. Осы бір тарихи салтанатты шара мектебімізде ерекше сән-салтанатымен, «Баллар» жылы аясында «Жас Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты тақырыбында өтті.


Соңғы қоңырау


Республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларының жүлдегерлерін түлеткен білім ордасы «Жас Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты соңғы қоңырау шарасының шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Мектебіміздің директоры А.К.Катранова оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп ұстаздары мен оқушыларымыздың бір жылдық жетістіктерін атап, арнайы мақтау қағазымен марапаттады. 



 Салтанатты іс-шараға Алматы облыстық әдістеме кабинетінің әдіскері: Жусанбаева Үрбибі Абдукаримовна қатысып, жас түлектерге жүрек жарды тілек жолдады.

Шара барысында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдап, 10-сынып озат оқушылары Нуртаза Әлия мен Бақытбекұлы Ануарға, Қуандық Ақбаянға «Білімнің алтын кілтін» 11 «А» сынып оқушылары мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президетті, білім және тәртіп министрлері Шайхислан Дияс, Аиса Аида,Аиса Саида табыстады. 

Ал, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан М.Карибаева мен Л.Бадалова мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақжарма тілегін жолдап, ақ батасын берді. Мұнан соң, соңғы қоңырау соғылып, түлектер қоштасу вальсін орындады.