Қысқы каникул » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қаңтар
2021

Қысқы каникул

31 желтоқсан күні «Балалар мастер – класстары» бағыты бойынша 3 «А», 3 «Б», 3 «В» сыныптары арасында «Қысқы табиғат» атты онлайн сурет байқауы өткізілді.“Ашық хаттарды безендіру өнері” тақырыбында 2 «А», 2 «Б», 2 «В» сыныптары арасында Жаңа жылдық онлайн көрмесі ұйымдастырылды.
1 қаңтар күні “Отбасылық” бағыт бойынша “Жаңа жыл отбасымызбен бірге” тақырыбында 4 «А», 4 «Б» , 4 «В», 4 «Г» сыныптары отбасыларымен бірге жаңа жылдық фотоға түсті.
2 қаңтар күні “Қош келдің жаңа жыл” атты отбасындағы 5-6 сыныптар арасында отбасындағы жаңа жылдық дәстүрлер бейнежобасы түсірілді.
3қаңтар күні “Отбасылық жаңа жыл” тақырыбында 5 «А», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сыныптары арасында балалардың отбасымен жаңа жылды қарсы алуы бейнеролигін дайындады.
4 қаңтар күні “Спорттық” бағыт бойынша “Спорт-біздің досымыз” атты 7 «А», 7 «Б», 7 «В» сыныптары арасында қысқы спорттық ойындарынан онлайн эстафета өткізілді.
Сонымен қатар 5 қаңтар күні “Мен,сен,ол-салауатты жанұямыз!” тақырыбында 8 «А», 8 «Б», 8 «В», 8 «Г» сыныптары отбасыларымен бірге әр түрлі спорттық ойындардың түрлерінен үзінді түсіріп көрсетті.
6 қаңтар күні “Эстетикалық” бағыт бойынша “Талантты бала” тақырыбында балалардың ең үздік жұмыстары мектебіміздің “Instagram”, “Facebook” әлеуметтік желілеріне жарияланды.7 қаңтар күні “Ғылыми-техникалық” бағыт бойынша 6 “А”, 6 “Б”, 6 “В”, 6 “Г” сыныптары “3D редакторы” бағдарламасы арқылы қысқы көріністі бейнеледі.8 қаңтар күні “Сәндік-қолданбалы шығармашылық” бағыты бойынша 9 “А”, 9 “Б”, 9 “В”, 9 “Г” сыныптары арасында “Ең әдемі шырша” атты онлайн қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.