Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы
23
маусым
2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы

2023 жылдың мамырында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде өңірдегі жастар арасында аталған конкурс туралы ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыс туралы ақпаратты (қандай жұмыс жасалды, қанша адам қатысты т.б.) ай сайын 2-ші күні ағымдағы жылдың қазан айына дейін Департаментке жолдау қажет.
Сұралып отырған ақпараттың қатаң бақылауда тұрған тапсырма екендігін ескере отырып, ақпаратты уақытында, сапалы және нақты жолдау қажетттігін мәлімдейміз.