№10 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында «Адалдық сағаты» шарасы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №10 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында «Адалдық сағаты» шарасы
17
қаңтар
2020

№10 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында «Адалдық сағаты» шарасы

№10 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында «Адалдық сағаты» шарасы

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті тарапынан 2019 жылда облыс көлемінде «Адалдық сағаты өткізілді. Осыған орай, 17 қаңтар күні мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірыңғай «Адалдық сағаты» шаралары ұйымдастырылды.
Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі олрынбасарлары А.Курмангалиева мен Б.Бокаева дәріс жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың зардабы, пара алу мен пара берудің үкімі, орын алған сыбайлас жемқорлықтың облыс және республика бойынша статистикасы туралы мәлімет беріп, адалдық, адал еңбек туралы ҚР президенті Қ.Тоқаев, әл-Фараби, А.Құнанбаев сияқты ұлы ойшылардың аталы сөздерін жеткізді. Оқушыларға сауал қоя отырып, ойларын, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
№10 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында «Адалдық сағаты» шарасы
Сонымен қатар шара барысында ұйымдастырушылар қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды.


Сондай-ақ бүгін «Адалдық сағаты» шарасына үн қосу мақсатында 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы «Адалдық сағаты», «Адалдық – ардың ісі», «Адал жүріп, адал тұр», «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» , «Адалдық пен әділдік», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.