«Ұстаздар – ұлы тұлға!» » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2022

«Ұстаздар – ұлы тұлға!»

Ұстаздар мерекесіне байланысты 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге , бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарды. 




Ұстаздарымызды құттықтап, оқушылар бейнероликтер түсірді.
      Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын «Ұстаздар күні» мерекесі мектепте өз деңгейінде аталып өтілді. 4 қазан күні «Ұстаздар – ұлы тұлға!» тақырыбында салтанатты шара өтілді. Салтанатты шараны мектеп басшысы М.С.Алиева құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкіртінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапаттады. 


Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірленген концерттік бағдарламасына ұласты.



Бағдарлама барысында 11 сынып оқушылары мектеп оқушылары өздерінің шығаршалық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. 
11 сынып оқушылары әр мұғалімге өлең шумақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады.