«Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» тақырыбындағы тілдер апталығының және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған онкүндіктің өтілуі жайлы ақпарат » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» тақырыбындағы тілдер апталығының және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған онкүндіктің өтілуі жайлы ақпарат
16
қыркүйек
2022

«Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» тақырыбындағы тілдер апталығының және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған онкүндіктің өтілуі жайлы ақпарат

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай МАББ келген бұйрыққа сүйене отырып, онкүндікке арналған жоспар құрылды. Онкүндікке 12-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған және А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары енгізілді.  Іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты
 Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралардың жоспары бекітілді.
 Мектеп кітапханашысы А.Е.Акмақанованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» тақырыбында қабырға бұрышы(көрме) жасалды.Онда қазақ халқының дара тұлғаларының шығармалары мен даналық  сөздері қойылды. Көрмеде кітапхана қорындағы мемлекеттік тілімізге байланысты әдебиеттер,мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай,қазақ тілі бөлмесінде «Ұлт ұстазы» тақырыбында оқушыларға документалды кинолар және слайдтар көрсетілді. Көрмеге ұлы тұлғаның шығармалары мен даналық сөздері,шетел зерттеушілерінің пікірлері жазылып,қойылды.
5-11сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен   «Туған тілім-айбарым,мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Жоғары сыныптар арасында өткен «Қасиетті өлке,киелі мекен»тақырыбында өткен шығармашылық байқауда бас жүлде алған 9 «А» сынып оқушысы Сейт Сагдананың және 11 «Б» сынып оқушысы Қасымжан Жансұлудың шығармалары аудандық Тілдерді дамыту басқармасының байқауына жіберілді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында    9-10 сыныптар арасында « Тіл-білімнің атасы» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.Орыс.қазақ және ағылшын тілдерінде «Язык отцов-язык тысячелетий» тақырыбында сайыс сабақтар өткізілді. 
Бастауыш сынып оқушылары арасында Ғ.Т.Жданованың жетекшілігімен «Қазақстан-достық мекені»тақырыбында көркемсурет байқауы өткізілді. «Кітап оқу-мәдениеттің ең  жоғарғы үлгісі»тақырыбында оқушылар жазғы демалыс кезінде оқыған кітаптары жайлы минуттық бейнебаян түсірді.