«Республика күні» мерекесі » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2022

«Республика күні» мерекесі

Республика күніне орай іс-шара жоспарын қазан айында МД ТІЖО: Д.К.Кайдаулова мен А.М. Курмангалиева  «Республика күнін» мерекелеу жөніндегі  аудандық хат негізінде мектепішілік айлық жоспар алдын- ала жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша 5 қазан күні АӘД  Ж.Әлдибеков мемлекеттік туды салтнатты түрде көтеру рәсімін өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен және мектеп президенті Н. Әуелхан, сондай-ақ мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. 
2-4 сыныптар арасында «Атамекен» тақырыбында диктант алынды. Диктант алу барысында оқушылар туған жерін, отанын, елін сүюге тәрбиеленіп, патриоттық тәрбиеге шақырылды. Ең үздік оқушылар анықталып, марапатталды. 

   7-10 сыныптар арасында «Менің арманымдағы- Қазақстан» тақырыбында эссе жазу конкурсын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Үздік жазған оқушылар анықталып марапатталды. 1-орын 8 в сыныбы А. Даминбаев, 2-орын 9а сынып оқушысы Берікқызы Ақбота, 3-орын 9 б сыныбынан Сейсенбайқызы Ақмарал иеленді. 
     2-10 сыныптар арасында «Қыран елім-Қазақстан»  тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі   К.Керімханованың ұйымдастыруымен өткізілді. Үздіктері марапатталды. 1-орын 9а сынып оқушысы Кубенбай А, 2-орын 8 а сынып оқушысы Тұрмахан А, 3-орын 8 а сынып оқушысы Жетпісбай Ш. иеленді. 
Менің Республикам тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрмесін Өнер бірлестігі ұйымдастырып өткізді. Үздік қолөнер мен сурет байқауы ұйымдастырылып,  үздіктері анықталып, мақтау қағаздармен марапатталды. Олар: Жұманбай Қымбат, Оразалиев Арман, Алтынбек Жанар, Чапай Орынбасар иеленді. 

Республика күніне орай 2-10 сыныптар арасында видеороликтер ұйымдастырылды. Үздігі анықталып, әлеуметтік желіге жарияланды. 
1-орын 6 в сыныбы , Сынып жетекшісі А.Узакова 
2-орын 7 б сыныбы, Сынып жетекшісі А.Қадылқан 7 а сыныбы, Сынып жетекшісі Сәкенова 
3-орын 10 а сыныбы мен 5 а сынып оқушылары иеленді. 


Патротизм дауысы тақырыбында 1-11 сыныптар расында мемлекеттік біріңғай гимн орындалды. Сондай-ақ бірыңғай 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 


     Мектеп кітапханашысы Акмаканованың ұйымдастыруымен «Республика күні-Ұлттық мереке» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
     «Қазақстан менің-елім» тақырыбында мектеп спорт залында МД ТІЖО ұйымдастыруымен мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысын мектеп директоры: М.С.Алиева құттықтау сөз кезегін алып, іс-шара аясында белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Мектеп өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламаға белсене қатысқандар: Әдеби монтаж 4 сынып оқушылары , күй 10 сынып оқушылары, Ән Бекен Кәусар, Серік Іңкәр және 6 в сынып оқушылары.