30 тамыз Қазақ елінде мерейлі мереке. » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
тамыз
2022

30 тамыз Қазақ елінде мерейлі мереке.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арнап 2-10 сыныптар аралығында құттықтау бейнеролигі түсірілді. 
     30 тамыз Қазақ елінде мерейлі мереке. Тәуелсіздігіміздің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамы. Бұл күнді еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтіп, тәуелсіздік үшін тағы бір рет тәубе етеді. 
     Тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз сіз бен біздің құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамассыз етеді. 
     2-10 сынып оқушылары осы бір айтулы мерекемен құттықтап, көк туымыз көктен түспей Конституциямыз өміршең болсын деген тілектерін бейнеролик арқылы жолдады. 
Егеменді ел болған дағы ұлы мақсаттарымыздың бірі - қазақ халқының ұлттық құндылығының жоғары болуы еді.
   Оқушылар арасында ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау жұмыстары сынып жетекші және пән мұғалімдерімен жүргізілді.   Мектепішілік  салтанатты мерекелер ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау жұмыстары  тәрбие сағаттарында жүргізілді , әлеуметтік желілерге жарияланды.
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бұрышы мектеп кітапханасында, сынып бұрыштарында және мектеп дәлізінде  талапқа сай орналасқан.