Әдістемелік жұмыс 2022-2023 оқу жылының басталуы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қыркүйек
2022

Әдістемелік жұмыс 2022-2023 оқу жылының басталуы

https://cloud.mail.ru/public/a1f7/TBSWhgfNv



            Педагог кадрлармен жұмыс:
2022-2023 оқу жылын 79 мұғаліммен бастадық.
         2022-2023 оқу жылында жаңадан жұмысқа 2 мұғалім қабылданды.  Атап айтсақ,
1.Мырзахмет Н – ағылшын тілі мұғалімі
2.Райымбек А – математика пәні  мұғалімі
         2022 – 2023  оқу жылының басындағы педагог кадрлардың  сапалық құрамы:
        
           Біліміне қарай: 
1.Жоғары білімді – 77
2. Аяқталмаған жоғары–2. 
3. Магистрант – 3. 

Зейнеткер ұстаз – 3. /Бекжанова Г.М, Лямина Л.М, Иманбек Қ.К/
Декреттік демалыста 7 мұғалім бар: /орыс тілі мұғалімі – Кожагельдиева Г, ағылшын тілі мұғалімдері -Н. Кайынбаева, А. Әбілбаева, Р. Алиева, математика пәні мұғалімі – А.Алдабергенова, физика пәні мұғалімі –А. Мухамедияр, география пәні мұғалімі-Ж. Оразхан/. 
   ·2022-2023 оқу жылының 3-тоқсанында тағы 1 мұғалім, музыка пәні мұғалімі Б. Еменияз декреттік демалысқа шықты. Сонымен қазіргі күнде 8 мұғалім декреттік демалыста.

              Ұлттық құрамға қарай:
Қазақ – 72
Орыс – 3
Әзірбайжан – 3 
Түрік - 1

            Мұғалімдер санатына қарай: 
Педагог-шебер – 0
Педагог-зерттеуші –20
Педагог-сарапшы – 14
Педагог-модератор – 7
Жоғарғы – 5
Бірінші – 2
Екінші – 6
Еңбек ақыда – 25



                Пән бірлестік жетекшілері
2022-2023 оқу жылының басында пән бірлестік жетекшілеріне оқу-тәрбие жоспарының жылдық жоспарымен, 2022-2023 оқу жылына арналған жаңа әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. 
         Мектеп директорының бұйрығы бойынша бірлестік 9 бірлестікке жетекшілері тағайындалып, әр бірлестіктің мақсат, міндеттері айқындалып, жылдық жоспарлары жасалып бекітілді. Қыркүйек айында өткізілген әр бірлестіктің отырысында жаңа оқу жылының жоспары талқыланды. 
                Пән бірлестік жетекшілері:
1.Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің жетекшісі: Г.К. Керимханова
2.Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі: А.К. Исбаева
3.Ағылшын тілі пән бірлестігінің жетекшісі: Нұрғайыпова Б.Ш
4.Математика, информатика ПБ жетекшісі: А.К. Осимбаева
5.Тарих, өзін-өзі тану ПБ жетекшісі: Т.С. Ботабеков
6.Жаратылыстану ПБ жетекшісі: А.К. Кикимбаева
7.Бастауыш қазақ сыныптар ПБ жетекшісі: Д.К. Шарипова 
8.Орыс бастауыш сыныптар ПБ жетекшісі: А.А. Муканова
9.«Өнер» денешынықтыру, технология, музыка ПБ жеткшісі: Г. Жданова
Әдістемелік орталықта мұғалімдердің кәсіби деңгейлері мен шеберліктеріне қарай 2 орталыққа бөлінді. 
1 «Парасат» озық тәжірибе орталығы         - педагог-зерттеушілер тобы          
2 «Талапкер» жас мамандар орталығы
3.«Зерттеуші» деңгейлік курстан өткен  озық тәжірибе  қауымдастық орталығы . Жетекшілері: А.К. Куджанова, Б.А. Сакенова 
                  Білім жетілдіру курсы: 
Ұстаз деген – ұлы есім. Осы есімге лайықты болу үшін мұғалімдер үнемі өзінің білімін шыңдап, жаңартып отыруы тиіс. Еліміздің белгілі жазушысы М. Әуезов «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді, тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен. 
         Сол себепті де біздің мектебімізде мұғалімдерді білім жетілдіру курсынан өткізу маңызды мәселелердің бірі. 
         2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында, ағылшын тілі мұғалімі Калиева А.А «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен 17-28-қазан  аралығында өткен «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы курсын аяқтады. Информатика пәні мұғалімі К.С. Абдука-римова Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Пәндік құзыреттілікті дамыту» тақырыбындағы  17-28 қазан аралығында 40 сағаттық офлайн білім жетілдіру курсына қатысып, 31 қазан мен 11-қараша аралығында осы курстың 40 сағаттық бағдарламасын онлайн түрде өтті. Сонымен қатар, 26-қыркүйек күні ұжымымыздан 85 адам «Өрлеу» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Гигиеническое объектов образование» білім жетілдіру курсынан өтті. Курстан өткен қызметкерлерге тіркелу журналы мен сертификаттары келді.
·Мектебімізден 40 мұғалім Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Ұлағат» педагогикалық біліктілігін арттыру орталығынан әр пән бойынша «Пәнді оқытудағы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы 80 сағаттық курсынан өтті. 
                                               
            Аттестация жұмысы
           Мектептегі аттестация жұмысы оқу жылының басында"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелген бұйрық негізінде жұмыс жасады.
        * "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың 2022 жылдың  30-желтоқсанында № 533 бұйрығы шықты. 
Бұл бұйрықта 2016 жылғы 27-қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Бұл бұйрыққа сай бірінші электронды портфолио тапсырылады. Портфолиода сабақтың анализі, мұғалімнің өзінің сабаққа қорытындысы, басшылықтың пікірі, педагогтың жетістіктері мен оқушы жетістіктері . Биылдан бастап міндетті түрде педагогтардың іс-тәжірбиесі болуы қажет. Портфолио сараптама отырысынан оң нәтижес көрсетсе ғана аттестатталушы мұғалім ҰБТ тапсырады. Бұдан былай «Педагогикадан» тест тапсырылмайды. Тест мұғалімнің өзі сабақ беретін пәні және «Оқыту әдістемесі» бойынша тапсырады. Осы екі пәннен 30 тапсырма ғана келеді. Егер санат уақыты келгенде тест тапсырып, 2 рет өте алмай қалса, немесе педагог уақытында тапсыра алмаса онда бар санаты 1 санатқа төмендетіледі. 
         Ұлттық біліктілік тестілеуден 30 жылдық еңбек өтілі бар және зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер босатылады. 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер портфолио ғана тапсырады. Бұрынғыша санат «екінші, бірінші, жоғарғы» санатты педагогтар «педагог-модератор» санатын ала алады. Егер аталған мұғалімдер бұл санатты, яғни «педагог-модераторды» алуға келіспей, жоғары санаттарға –«сарапшы, зерттеуші, шебер» өтуге өтініш берсе, онда ҰБТ тапсырады. 
         Үстіміздегі оқу жылының қыркүйек, қазан айында 2022-2023 оқу жылында кезекті және мерзімінен бұрын аттестациядан өтуші мұғалімдерден өтініш алынды.
         Үстіміздегі оқу жылының қазан айында аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдерге семинар өткізілді. Семинарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламала-рын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары таныстырылды. 
         Аттестатталушы мұғалімдерге тестке тіркелу мерзімі мен сайттары және тестке дайындау орталықтарының байланыс телефондары берілді. Тесттен кейінгі жинақ портфолиосының реті жан-жақты түсіндірілді.

 Жас мамандармен жұмыс
Үстіміздегі оқу жылында еңбек өтілі 0-3 жыл аралығында 11 жас маман бар.     
 Атап айтсақ, 
1.Калиева А.А – ағылшын тілі мұғалімі – 3 жыл
2.Әбілбаева А – ағылшын тілі мұғалімі - 2 жыл /декретте/
3. Сагиндикова Д – ағылшын тілі мұғалімі – 1 жыл
4. Мырзахмет Н – ағылшын тілі мұғалімі – еңбек өтілі жоқ
5. Райымбек А.А – математика мұғалімі – 3 жыл 
6. Кайдаулова Д.К – география пәні мұғалімі – 3 жыл
7. Оразхан Ж – география пәні мұғалімі – 2 жыл /декретте/
8. Касенов Ғ. – денешынықтыру мұғалімі – 3 жыл 
9. Тыштыбаев А - денешынықтыру мұғалімі – 2 жыл
10. Шоранов Е - денешынықтыру мұғалімі – 1 жыл
11. Алмабек Е - денешынықтыру мұғалімі – 1 жыл