21-ғасыр көшбасшысы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2021

21-ғасыр көшбасшысы

05.02.2021 ж. өткен «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» интелектуалды сайысының анықтамасы
9 «а» және 9 «б» сыныптары арасында ХХІ- ғасыр көшбасшысы интелектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу. Оқушылар төмендегі төрт кезең бойынша сынға түсті. Ең алдымен қонақтар мен әділ қазы алқаларына экраннан «Жалын» және «Қыран» топтары таныстырылды.



Сайыс кезеңдері:
І. Кезең «ДОДА» Бұл кезеңде әр топқа 1 минут ішінде 15 сұрақ оқылды. Топтар қойылған сұрақтарға жылдам жауап берді. Әр дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланды.




ІІ. Кезең «БӘЙГЕ» Бұл кезеңде топтар экранда берілген ұяшықтарды кезекпен таңдап, ішіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындады. Дұрыс жауап ұяшық сыртындағы ұпаймен теңестірілді.






ІІІ. Кезең «ТАРТЫС» Бұл кезеңде оқушылар экрандағы бейне сұрақтарға жауап берді.Тапсырмаларды орындады. Экраннан бірінші болып, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қызметкері «Лұғат» қоғамдық қорының директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы бейне сұрақ қойды. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алды. Екінші болып экраннан журналист Фариза Мұстахим сұрақ қойса, Жастар сыйлығының лауреаты Нұрқат Мәулен де оқушыларға өзінің бейне сұрағын жолдаған еді. Бұл кезеңді соңғы болып Қызылорда университетінің профессоры Абасилов Аман ағайдың сұрағымен аяқтадық.

ІV «МӘРЕ» Бұл кезеңде топтардың ұйымшылдығы сыналды. Топ басшыларына топ мүшелері экранда көрсетілген сөздерді тұспалдап жасырды, топ басшысы жасырылған сөзді барынша табуға тырысты.


Сайыс аяқталғаннан кейін қазылар алқасы ұпай санын есептеп, қорытынды шығарды.Жеңімпаз топтар мен белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.
Бірінші орынға «Жалын» тобы 9 «б» сыныбы ие болды.
Екінші орынды «Қыран» тобы 9 «а» сыныбы иеленді.
Топ басшылары Суйембекова Урзия мен Тельман Радмир « Ең дарынды көшбасшы» , «Ең зерек көшбасшы» номинацияларымен марапатталды.