25
наурыз
2021
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
2020-2021 оқу жылында 01.02.2021ж. №15-Н"а" оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаменті Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021жылы 08 қаңтардығы №1 қаулысының негізінде бұйрығы шығып, бұйрыққа сәйкес мектептерде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып оқушылар ыстық және қоғамдық тамақтануы ұйымдастырылсын, оқушылардың тамақтандыру жұмысын қадағалайтын медбике мен мұғалім мектепшілік бұйрықпен бекітілсін; Асхана және буфет жалгерлерге аудандық білім бөлімінің және мектептің келісім шартына сәйкес тапсырылсын; Мектеп оқушылары ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар тегін тамақтандырумен қамтылсын; Оқушылардың тамақтану кезінде өмір қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін;
Осы бұйрыққа сәйкес 01.02.2021ж. №15-Н"а" «№10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мемесінің кезекші сыныптар арасында тегін ыстық тамаққа 30 оқушы сұраныс берді, оның ішінде 1-жетім, 1-жартылай жетім, 24- көп балалы, 4-аз қамтылған отбасы тізімге енгізіліп, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар өздеріне белгіленген уақытпен және кезекші мұғалімнің қадағалауымен ғана асханаға барып отырады. Мектеп медбикесі Г.Ш.Ашимбекова мектеп асханасында тиым салынған тамақ өнімдерінің асхана сөрелерінде болмауын, сатылмауын, тазалығын, тамақ өнімдерін қатаң тексеруде ұстады.