31
мамыр
2023
2022-2023 оқу жылында инклюзивті топтағы балаға жоспар бойынша атқарылған жұмыс анықтамасы
Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің №10 жалпы білім беретін орта
мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің педагог-психологының 2022-2023 оқу жылында инклюзивті топтағы балаға жоспар бойынша атқарылған жұмыс анықтамасы:
«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»
Инклюзив сөзі−латын тілінен аударғанда«өзімді қосқанда»,ал,ағылшынтілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді екен.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулібалаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Биылғы оқу жылында инклюзивті топта оқитын 1 оқушы бар, атап айтқанда ол 9 «в» класс оқушысы Головин Андрей. Қыркүйек айының 27- күні аудандық ауруханадан кезекті арнайы комиссиядан өткіздік. Қыркүйектен -наурыз айына дейін құрылған жылдық жоспар бойынша аталған оқушымен психологтар тарапынан жұмыстар жүргізілді және ата-анасымен де үнемі байланысып баланың үйдегі қал-жағдайын біліп отырамыз. Жоспар бойынша психологиялық тест алынды, тест нәтижесі төмендегіндей болды.
Андрей өзін- өзі орташа деңгейде бағалайды. Оқушы позициясы орташа деңгейде қалыптасқан қоғамда достары аз. Бойында мазасыздық бар. Отбасының ортасында өзін жоғары бағалайды, жанұясында алар орынына риза. Ең бастысы Андрей «мен отбасыма керекпін», «Отбасында алар орыным орташа деңгейде» деген ойда. Қарындасын бірінші орынға қояды, жақсы көреді. Анасымен әкесі қазіргі таңда бірге тұрмайды. Бойында мазасыздық бар. Психологиялық ахуал жағымсыз. Отбасында кей кезде анасын тыңдамайтын кездер жиі болып тұрады. Көңіл күйіне қарай өзін өзі бағалайды. Жақын достары аз. Ішкі агрессиясы жоқ .бірақ сыртқы ыза бар. Отбасының психологиялық ахуалы жағымсыздау.
Ұсыныс:
- Головин Андрейдің өз қаблетіне байланысты пән мұғалімдері жекеше тапсырмалар берсін.
- Мектеп психологтары түзету жұмыстарын жүргізсін.