2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы ҰБТ қорытындысы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
желтоқсан
2021

2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы ҰБТ қорытындысы

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы: 50

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін ҰБТ немесе КТ олардың қалауымен қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өткізіледі.
1. Жалпы орта (орта жалпы) білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ және КТ тест тапсырмаларының саны:
1)Қазақстан тарихы бойынша – 20;
2)математикалық сауаттылық бойынша – 20;
3)оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20;
4)бірінші бейіндік пән бойынша – 30;
5)екінші бейіндік пән бойынша – 30

11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне ҰБТ жөнінде жиналыс өткізіліп, ҰБТ ерекшеліктері, талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат әр тоқсан сайын беріліп отырды. Әр сынып оқушыларымен де жекелей жұмыс жүргізілді.

2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы ҰБТ қорытындысы

2021-2022 оқу жылында 11-сыныптарда 27 түлек бар. Олардың 25-і ҰБТ тапсыруға өтініш беріп отыр. ҰБТ тапсырушы оқушылар сабақтан тыс уақытта қосымша оқыту орталықтарында ҰБТ-ға дайындалу курстарына қатысып жүр. 2021-2022 оқу жылында өтетін 1-ші тестілеу, яғни қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға 25 оқушы тіркелді. Тапсыру күні: 24-қаңтар сағат 14.30-да.

2021-2022 оқу жылында 11-сынып оқушылары 2 рет сынама тест тапсырды. Сынама тест қорытындысы бойынша түлектеріміздің көрсеткіші төмен. Тек «Оқу сауаттылығы» пәнінен ғана балалар жақсы нәтиже көрсете алды. Қалған, негізгі пәндер математикалық сауаттылық пен Қазақстан тарихы сауаттылығы және таңдау пәндері бойынша оқушылар білімі төмен.
Әр тесттен соң 11-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері мен оқушыларға, әр пәнге және әр сыныпқа жекелей талдама жасалды.