Әлеуметтік көмек » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
желтоқсан
2021

Әлеуметтік көмек

Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
№10 орта мектеп Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылында орналасқан. Мектеп орыс-қазақ аралас мектептер қатарында. Білім ошағында 83 мұғалім дәріс беріп, 614 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 39 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектебіміздің жетістіктер қорында алтын белгі мен үздікке бітірген оқушыларымыз бар. Білім ошағымызда физика, химия, биология, ағылшын кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі таңда білім сапасы 62 пайыз көрсетіп отыр. Мектебіміз білім мен тәрбиені қатар ала отырып, әр түрлі жұмыстар атқаруда және әлеуметтік көмектер көрсетуде.
Биылғы жылдың қараша айында 1 «А» сынып оқитын көп балалы отбасының үйіне рейд жұмысы жасалды. Мектепке жол акциясы барысында мектеп директорымен, мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздары біріге отырып, өз тараптарынан ақшалай қаражат жинап, 2 қыстық куртка сатып алып берді. Алдағы уақытта әлеуметтік ұстаз бен демеушілер осындай жұмыстарды жүргізеді.
Әлеуметтік көмек


Әр түрлі санаттағы әлеуметтік жағдайына байланысты оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Талғар ауданы маслихат депутаты Игибаев Ержан Минимханович өз атынан 15 балаға сыйлықтар тарту етті. Мектебіміздің ардақты ұстаздары да құры қалмай 25 балаға сыйлық тарту етті.
№10 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінде, «Аз қамтылған, көп балалы, жетім, жартылай жетім» т.б әр түрлі санаттағы отбасыларға мектеп әкімшілігі мен ұжымының атынан материалдық көмек көрсетілуде.
Ауыл әкімі мен мектеп оқушылары ауылымыздың ардагерлеріне үнемі қол ұшын созып, көмек көрсетуде. «Асаруме» қайырымдылық қоры атынан көпбалалы отбасыларына жиһазбен жабдықталған үй берілді.