«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі
15
желтоқсан
2022

«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі

05.12 - 14.12 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі өтті.
Тақырыбы: «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде»
Мақсаты : қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасын кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін   қалыптастыру.
         Онкүндік барысында төмендегідей іс-шаралар өтті:
1.«Еркін елдің- кемел білім мен ана тілінде» апталықтың ашылуы
8-11сыныптардың арасында АКТ залында 05.12. апталықтың ашылуы болды.
2.Егембердиева Ф.Т. 9 «А» қазақ сыныбымен «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» поэмасының тілдік ерекшеліктері атты ашық сабақ өтті.Сабақта көптеген әдіс –тәсілдер болды. Балалар сабаққа жақсы ат салысып,өз ойларын еркін жеткізді.

3.Шиникулова С.Н. 9 «Г» орыс сыныбымен «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты ашық сабақ өтті. Сыныпты топтарға бөліп, топбасшысын сайлап, постермен жұмыстар,әртүрлі тапсырмаларды деркезінде орындап отырды.
4.Керимханова К.К. 4«В» орыс  сыныбымен «Дизайнер» атты ашық сабақ өтті. Үй тапсырмасын «Өрмекші»әдісі арқылы тексерді. «Джиксо» әдісі арқылы мәтінді орыс тіліне аударып, өз сөздерімен әңгілеп берді, грамматикалық тапсырмаларды орындап, әрбір тапсырманы мұқият орындап, еркін жауап беріп отырды.
5.Карымсакова Г.Н. 6«А» қазақ сыныбымен  «Ұлы дала ұлағаттары» атты ашық сабақ өтті. Сабағында әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, сабағының мақсатына жетті.
6.Отызбекова Ж.Т. 10 «Г» орыс сыныбымен «Нәтиже сабақ» атты ашық сабақ өтті. Балалар анық, дәл сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды уақтылы орындап отырды.

7. Жапарова К.Ж. 6 «Б» қазақ сыныбымен «Бірінші сөз»атты ашық сабақ өтті. Сабақта әртүрлі тапсырмалар болды.Дегенмен бір айтакетерлік кемшілік тапсырмалар өте күрделі болды, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алмады.
           8. Сакенова Б. А.10 «А» қазақ сыныбымен «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі атты ашық сабақ өтті. Тапсырмалар өте күрделі болды. Балалар әрбір тапсырмаға мүдірместен жауап беріп отырды.Сабақ өте жоғарғы деңгейде өтті.
9. «Еркін елдің- кемел білім мен ана тілінде» атты  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігінің жабылуы 4-11сыныптардың арасында АКТ залында 14.12  болды