Іс-шаралар » Страница 7 » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жат қылықтан жирен»
16
қаңтар
2023
«Жат қылықтан жирен»
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбие бағыты бойынша «Жат қылықтан жирен» тақырыбында 9 «А» сынып жетекшісі Д.К.Кайдаулова мен 9 «Б» сынып жетекшісі А.Райымбек сайыс сабақ өткізді. Сайыс сабақ 2-кезеңнен тұрды, 1-ші кезең білім сайысы, 2-кезең спорттық сайыстар бойынша өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 9 «Б» сыныбы «Болашақ» тобы 23 ұпай, 9 «А» сыныбы «Қыран» тобы 21 ұпайға ие болды
«Ғылымға құштар жас өрен»
10
қаңтар
2023
«Ғылымға құштар жас өрен»
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша «Ғылымға құштар жас өрен» тақырыптарында 7 «А», «Б» және 8 «А», «Б» сынып жетекшілері Сакенова Б, Қадылқан А, Құдайберген Т, Али Ж сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді. Сабақ барысында мектеп бағдарламасы бойынша тапсырмалар берілді. 7 «Б» сыныбы «Болашақ» тобы "Үздік сынып" атанды, 7 «А» сыныбы «Жас Ұлан» тобы белсене қатысқаны үшін, 8 «Б» сыныбы "Үздік сынып" атанды, 8 «А» сыныбы белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 
Қысқы каникулдық іс шаралар
09
қаңтар
2023
Қысқы каникулдық іс шаралар
Мектебімізде 1-11 сыныптар бойынша қысқы каникулдық іс-шара жоспары жасалынып, сынып жетекшілер жоспар бойынша жұмыстар атқарды. Оқушылар "Медеу" мұз айдыны, кинотеатр, музейлер мен ойын-сауық кешендеріне барып, демалыстарын сәтті өткізіп қайтты.  
Жаңа жыл қарсаныңдағы марапаттар
30
желтоқсан
2022
Жаңа жыл қарсаныңдағы марапаттар
Жаңа жыл қарсаңында бастауыш сынып мұғалімі Карасаева Б.Д облыстық кәсіподақ ұйымының Мадақтамасымен, мектеп кітапханашысы Акмаканова А. – аудандық кәсіподақ ұйымының Мадақтамасымен марапатталды.  Бастауыш қазақ сынып мұғалімдері Қауынбаева К.С.Алғыс хат және сертификат «Кемеңгер ұстаз» журналынан. Қарасаева Б.Д.  облыстық  кәсподақ ұйымының грамотасы Тураманова М.Я. -республика: 1.Диплом 2-дәрежелі “ Ustaz tilegi”ғылыми әдістемелік орталығы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі ұстаздар
Құрмет грамотасы облыстық кәсіподақ ұйымының
30
желтоқсан
2022
Құрмет грамотасы облыстық кәсіподақ ұйымының
Жаңа жыл қарсаңында мектеп директоры Алиева М.С облыстық кәсіподақ ұйымының Мадақтамасымен марапатталды.
«Жаңа-жылым, бақ жылым»
29
желтоқсан
2022
«Жаңа-жылым, бақ жылым»
Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында «Жаңа-жылым, бақ жылым» тақырыбында жаңа жылды қарсы алу іс-шаралары өткізілді. Іс-шараға 10 а,б,в,г сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің белсене қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. 10 сынып оқушылары жаңа жылдық қойылымды толықтай өздері өткізіп шықты. Сондай-ақ мектебімізде Белбұлақ ауылдық округі әкімдігінің шыршасы ұйымдастырылып өткізілді. Шыршаға ауылдық округтен барлығы 54 бала қатыстырылды.
«Жер – ортақ үйіміз»
26
желтоқсан
2022
«Жер – ортақ үйіміз»
Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағыты бойынша технология пәні мұғалімі Г.Жданова бастауыш сынып оқушылары арасында «Жер – ортақ үйіміз» тақырыбында сурет сайысын өткізіп ең үздік суреттер көрмеге қойылды. 
«Толағай» отбасылық сайысы
20
желтоқсан
2022
«Толағай» отбасылық сайысы
Отбасы тәрбие бағыты бойынша 4 сынып оқушылары арасында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, отбасы құндылығын насихаттау. Спорттық сайыс мектеп спорт залында 5-кезеңнен тұрды, қорытындысы бойынша 1-орынды 4 «А» сыныбы, 2-орынды 4 «Б» сыныбы, 3-орынды 4 «В» сыныбы иеленді, бірден мақтау қағаздарымен марапатталды.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтармен кездесу
19
желтоқсан
2022
Желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтармен кездесу
Ұлттық тәрбие бағыты бойынша мектеп кітапханашысы А.Акмаканова Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында Желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: оқушылар арасында патриоттық, азаматтық және адамгершілік тәрбиеге шақыру. Кездесу барысында   бейнебаян және слайдтар көрсетіліп, оқушылар желтоқсаншыларға сұрақтар қойып өз жауаптарын алды. Кездесу соңында «Атамекен» әні орындалып, қорытындыланды.  Кездесуге мектебіміздің химия пәні мұғалімі Кыдырбаев
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығы
19
желтоқсан
2022
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығы
Желтоқсан айында тәрбие жұмысының жылдық циклограммасы бойынша 8 тәрбие бағыты бойынша жұмыстар толықтай жүргізілді. Қазақстандық патриотизім және азаматтық құқықтық тәрбие бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.  Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жасөспірімдердің құқықтық