Мектепішілік 8 наурыз «Ана - деген тіршіліктің тірегі» атты іс-шара » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2022

Мектепішілік 8 наурыз «Ана - деген тіршіліктің тірегі» атты іс-шара

Мерекелік іс-шараның мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Іс-шара барысында мектебіміздің директоры Катранова Айман Камшигеровна мектебіміздің аянбай еңбек етіп жүрген ардагер ұстаздары мен оқушыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бірнеше ұстаздарға мақтау қағаздарын табыс етті.
Мектепішілік 8 наурыз «Ана - деген тіршіліктің тірегі» атты іс-шара
8-наурызда оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, 0«А»сыныбынан Оңласын Батырхан мен Ербол Әдемі «Ай-хай қыздар!» «Ай дидарлы анашым» әнін орындаса 6«Б» сынып оқушылары «Қазақтың ұлттық биін» мың бұрала билеп, 1«Б» 2«А» сынып оқушылары Бекен Кәусар мен Қурманғали Айзада «Ақ мамам» «Анашым ана жаным» әнін жоғары деңгейде орындап көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



7-сынып ұлдары (Сынып жетекшілері:Али Жібек пен Құдайберген Толғанай) әдеби мантажбен мектеп ұстаздары мен аналарға құттықтау жолдап, гүл шоқтарын ұсынды. Оқушылары өздерінің ыстық лебіздерін өлең жолдарымен жеткізе білді.

8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған «Ана деген–тіршіліктің тірегі» атты құттықтау жүргізілді. Оқушыларға аналарымыз, аруларымыздың қоғамдағы орыны: «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» бәріненде биік тұлға екендігі ескертілді. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік! - деп іс-шара барысы аяқталды.