05
июнь
2023
Социальный педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстың анықтамасы
Социальный педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстың анықтамасы:
Бүгінгі күні елімізде бүлдіршіндер мен балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға аса мән беріліп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады. Жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде жүргізіледі. №10 жалпы білім беретін орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында сентябрь айынан бастап 88 оқушы мектепішілік ыстық тамақпен қамтылды. 10 оқушы қосымша асхана меңгерушісі есебінен берілді. Тегін ыстық тамақпен мектептегі 88 оқушы, жартылай жетім-8, аз қамтылған отбасы-14, көп балалы-61 тізімге енгізілді.
Атқарылған жұмыстар мен тізімді көру немесе жүктеу