2022-2023 оқу жылының Сентябрь айындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының Анықтамасы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №10»
отдела образования по Талгарскому району
управления образования Алматинской области
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Версия для
слабовидящих
» » 2022-2023 оқу жылының Сентябрь айындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының Анықтамасы
30
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылының Сентябрь айындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының Анықтамасы

2022-2023 оқу жылының Сентябрь айындағы әлеуметтік педагогтің  атқарған жұмысының
Анықтамасы
2022 жылғы сентябрь айының жоспарына сәйкес жұмыстары іске асып, іс-шаралар жүргізілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акция аясында мектебіміздің ұстаздары Қожагелдиева Гаухар және Қабанбай Нурлат өз тараптарынан көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға азық-түлік себеттерін берді.
Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына домтұрмыс жағдайына рейд жасалып, акт толтырылды. Әр-түрлі санаттағы оқушылардың сабақтарына қатысып, білімдері бақыланды.
Ыстық тамақ бойынша әр ауысымға кесте құрылып, кесте бойынша сынып жетекшілердің қадағалануы бойынша ыстық тамақпен тамақтанады. Қазіргі таңда 88 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде жартылай жетім-10, аз қамтылған отбасы-8, көп балалы-70. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың  жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.          
         Дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журналды мектеп медбикесі  уақытылы толтырылып отырады. Бекітілген ас мәзірі бар.Бекітілген ас мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.  Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада   дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. Күнделікті және апталық ас мәзірі бекітіліп стендке ілінген.
Асханада сатуға тиым салынған заттардың тізімі жазылып, мектеп директорының бұйрығымен бекітілді.
        Жалға алушы әр айдың аяғында акт толтырып аудандық бухгалтерге есеп өткізеді.
      Әр айдың 5 күні  тегін тамаққа қатысты анықтама, есеп аудандық білім бөліміне  өткізіліп  тұрады.
           Социальный педагог:                   А.Ж.Тыштыбаев