04
март
2022
Мектепішілік 8 март «Ана - деген тіршіліктің тірегі» атты іс-шара
Мерекелік іс-шараның мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Іс-шара барысында мектебіміздің директоры Катранова Айман Камшигеровна мектебіміздің аянбай еңбек етіп жүрген ардагер ұстаздары мен оқушыларды 8 март Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бірнеше ұстаздарға мақтау қағаздарын табыс етті.
8-мартда оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, 0«А»сыныбынан Оңласын Батырхан мен Ербол Әдемі «Ай-хай қыздар!» «Ай дидарлы анашым» әнін орындаса 6«Б» сынып оқушылары «Қазақтың ұлттық биін» мың бұрала билеп, 1«Б» 2«А» сынып оқушылары Бекен Кәусар мен Қурманғали Айзада «Ақ мамам» «Анашым ана жаным» әнін жоғары деңгейде орындап көрерменге көтеріңкі көңіл-кдомсыйлады.
7-сынып ұлдары (Сынып жетекшілері:Али Жібек пен Құдайберген Толғанай) әдеби мантажбен мектеп ұстаздары мен аналарға құттықтау жолдап, гүл шоқтарын ұсынды. Оқушылары өздерінің ыстық лебіздерін өлең жолдарымен жеткізе білді.
8-март Халықаралық аналар мерекесіне арналған «Ана деген–тіршіліктің тірегі» атты құттықтау жүргізілді. Школьникам аналарымыз, аруларымыздың қоғамдағы орыны: «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» бәріненде биік тұлға екендігі ескертілді. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік! - деп іс-шара барысы аяқталды.