"Анаға тағзым күні" » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №10»
отдела образования по Талгарскому району
управления образования Алматинской области
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Версия для
слабовидящих
08
март
2021

"Анаға тағзым күні"

Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 жалпы білім беретін орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2020-2021 оқу жылының 01.03.-09.03. аралығында өткен «Анаға тағзым күні» атты іс-шара АНЫҚТАМАСЫ

Март айының 01-09 аралығында 8-март халықаралық әйелдер күніне орай мектепішілік мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 01.03.2021 6 «б» сыныбында «Ана- гүл, ана –өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты онлайн форматта ұйымдастырылып, оқушылар аналарға арналған өлеңдерін видеожазба арқылы жолдады. Ана туралы әндер шырқалып, монолог оқылды.
04.03.2021 7 «а» сыныбында қашықтықтан «Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері» атты сыныптан тыс әңгіме сабақ ұйымдастырылды.Оқушылар қазақ қыздарының, келіндерінің, әжелердің ұлттық киімдері туралы әңгіме қозғап, сынып жетекшісі Қайдаулова Динара оқушыларға ұлттық киімдер туралы толық мәлімет берді.




04.03.2021 «8-март Халықаралық әйелдер күні» 9-сыныптар қабырға газетін дайындады. Қабырға газетінде мектеп ұстаздары мен аруларына арналған құттықтаулар жазылған.




«Анама хат» , «Письмо маме» атты 5-сыныптар арасында ашық хат жазу ұйымдастырылды. Оқушылар қолдарынан құттықтау хаттар жасап, аналарды ерекше құттықтады.



09.03.2021 4-7 сынып оқушылары арасында «Анама сыйлық» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар үйден жасаған қолөнер бұйымдарын мектепке әкеліп ұстаздарына табыстады. Жасалған жұмыстар көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды.