"Иманды ұл, Инабатты қыз" дөңгелек үстел » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №10»
отдела образования по Талгарскому району
управления образования Алматинской области
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Версия для
слабовидящих
29
январь
2021

"Иманды ұл, Инабатты қыз" дөңгелек үстел

Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 жалпы білім беретін орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Иманды ұл, инабатты қыз» атты дөңгелек үстелдің анықтамасы

Январь айының 21-і 9 «а» және 9 «б» сынып оқушыларының қатысуымен «Иманды ұл, инабатты қыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел 3 бөлімнен тұрады:
І. Бөлім «Саналы ұрпақ- ұлт болашағы»
(ұл мен қыздың ортада өзін-өзі ұстауы, отбасындағы және қоғамдағы рөлі, амандасу әдептері, сөз мәдениеті)
ІІ. Бөлім «Ұлттық тәрбие-Ұлы тәрбие»
(Қазақтың ұл мен қыз тәрбиесіндегі ұлттық ұстанымдары, әкелер институты, аналар институты)
ІІІ. Бөлім «Тектілік феномені»
(Қазақ жастарына үлгі болатын ұлы тұлғалар, қазақ жастарының
бойындағы отансүйгіштік қасиеттің бүгінгі таңдағы көрінісі)
Оқушылар бірінші бөлімде бейнеролик тамашалып, сұрақтарға жауап беріп, «иман», «инабат» сөдеріне анықтама берді. Үй тапсырмасы бойынша « Амандасу әдебі», «Сөз мәдениеті» тақырыптарына шағын көрініс көрсетті.







Екінші бөлім бойынша мақал- мәтелдерді жалғастырып, экранда көрсетілген суреттерге қарап бүгінгі таңдағы ұл балалар мен қыз балалардың қоғамда өзін- өзі ұстауына, мәдениетіне деген көзқарастарын білдірді.




Сыныпта тақырыпқа қатысты , жастарға тәлім-тәрбие беретін Ұлы Абайдың, Ғ.Мүсіреповтің, Мұхтар Мағаинның Дулат Исабековтың және т.б жазушылардың кітаптарынан шағын көрме ұйымдастырылды.


Үшінші бөлім бойынша оқушылар Экранда көрсетілген тұлғаларды анықтап, олар туралы шағын мәлімет берді. Сондай-ақ олардың бойындағы өздеріне үлгі ететін қасиеттерді атап айтты.

Дөңгелек үстел соңында оқушылар, айта алмаған көкейдегі ойларын, сұрақтарын, дөңгелек үстелден алған әсерлерін стикерге жазып қалдырды. Белсене қатысқан оқушылар төмендекгі номинациялар бойынша марапатталды:
«Ең үздік домтапсырмасы» номинациясы ( сынып бойынша)
«Ең тапқыр сынып» номинациясы (сынып бойынша)
«Ең белсенді қатысушы» номинациясы (жекелей)
«Сөз мергені» номинациясы (жекелей)
«Ең үздік пікір иесі» номинациясы (жекелей)
«Ең зерек оқушы» номинациясы (жекелей)