“Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №10»
отдела образования по Талгарскому району
управления образования Алматинской области
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Версия для
слабовидящих
03
май
2023

“Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант




Белбұлақ ауылы #10 орта мектеп әкімшілігі 04.05.2023 күні сағат 11:00 де “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілетіндігін хабарлайды

Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу ЕРЕЖЕСІ

Май мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында
қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу
ЕРЕЖЕСІ

Осы Ереже Май мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантты ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

Диктант жазудың мақсаты мен міндеттері
Диктантты өткізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 декабрьдағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант жазуды ұйымдастырушының міндеттері
Диктант жазуды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Информация және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдар.
Ұйымдастырушы:
1) жергілікті атқарушы органдаржергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы диктанттың өтетіні туралы хабарламалар орналастырып, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының Информация және қоғамдық даму министрлігі диктанттың мәтінін 2023 жылғы 3 майда сағат 11.00-де жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының эл.пошталарына жолдайды.
Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктантпен өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-і қамтылуы тиіс;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.
Диктантты өткізу мерзімі:
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 майда сағат 11.00-де өткізіледі