Алиева Манура Серікқызы » 10 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №10»
отдела образования по Талгарскому району
управления образования Алматинской области
«Қабылдау бөлімі»:
+7(72774) 4-33-96 ssh10.belbulak@mail.ru
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2022

Алиева Манура Серікқызы


Өмірбаян


          Алиева Манура Серікқызы, 1974 жылдың 2 ноябрьсында Алматы облысы Жамбыл ауданы Заготскот ауылында туылды.

       1981 жылы Талғар қаласындағы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына оқуға қабылданды. Мектепті 1991 жылы бітірді.

1991 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті.

1996 жылы аталған институтты «Ұлт мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті» пән мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы 1 қыркүйегінен 2008 жылдың 5 апрельіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысы №8 «Жеңіс» көпсалалы мектеп-гимназиясы мемлекеттік мекемесінде өз мамандығы бойынша жұмыс істеді.

2008 жылдың 01 қыркүйегінде Талғар ауданы Белбұлақ ауылының №32 орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қабылданды. 2009 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2011 жылдан 2022 жылдың 26-августына дейін 11 жыл  Талғар ауданы Белбұлақ ауылында №32 жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды. Осы жылдары Аудандық және Облыстық Управления образованияның және Аудан әкімдігінің, Облыстық кәсіподақ ұйымының мақтау қағаздарымен, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Қазіргі уақытта, яғни 2022 жылдың 27-августынан бастап Талғар ауданы Белбұлақ ауылында №10 жалпы білім беретін орта мектебінің мектеп директоры қызметіне тағайындалды. 

Алиева М.С. – еңбекқор, ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар, білімді тұлға. Адамгершілік тұрғыдан қарапайым,зерделі, қамқор, ақкөңіл жан. Осы игі қасиеттері еңбек жолында оның біліктілігіне, өз ісінің, мамандығының майталманы болуына басты тірек болды. 

Тұрмыста. Отбасында 2 баласы бар, немере тәрбиелеп отыр. Жанұяда үлгілі ана, аяулы жар.